Skip to main content

Желі

Желі

Терезенің сол жақ мәзіріндегі Желі тарауында сіз жеке желілерді құра және оларды басқара аласыз.


Жеке желіні құру

  1. Тіркеу батырмасын басыңыз

  2. Пайда болған диалог терезесінде желінің атауы өрісін және сипаттама өрісін толтырыңыз.

  3. Тіркеу батырмасын басыңыз. Жеке желіде орналасқан виртуалды машиналар локалды желі адрестері арқылы бір-бірімен байланыса алады. Сонымен қатар, жария IP адресті тіркеу жайында қосымша ақпарат алу үшін, Қалқымалы IP бөлімін қараңыз.

Назар аударыңыз!

Жеке желі құрылған кезде, ол ешқандай ішкі желісіз құрылады. Серверді ішкі желісіз іске қосу мүмкін емес.


Жеке желінің желі тармағын тіркеу(құру)

  1. Желі тарауынан керекті желі атауына басыңыз.

  2. Ішкі желілер қаттамасына өтіңіз.

  3. Тіркеу батырмасын басыңыз.

  4. Пайда болған терезеде келесі өрістерді толтыру керек:

  5. Ішкі желі атауы - Ішкі желінің аты

  6. Желілік адресі - ішкі желіде қандай IP адрестер пулының болатынын көрсетеді. Желілік префиксті немесе масканы көрсету керек. Мысалы, 192.168.1.0/24

  7. IP шлюзі - Ішкі желі шлюзінің IP-ін орнатады. Мысалы, 192.168.1.1

  8. Өрістерді толтырғанна кейін, Тіркеу батырмасын басыңыз.

Жеке желіні жою

  1. Желі тарауынан қажетті желіні таптаң, оны қоқыс себеті батырмасын басу арқылы жойыңыз.

  2. Желіні жою үшін, сол желіде пайдаланылатын барлық ішкі желілер мен порттарды алдын ала жою керек.


Ip адресті жеке желіге байланысты автоматты түрде тағайындау

Виртуалды машинаны құру кезінде, желі өрісінде қалып бойынша IP-ді автоматты тағайындау күйіне орнатылады. IP-ді автоматты тағайындау таңдалғанда, виртуалды машина бастапқыда, жеке желіге қосылмай, жария IP адреспен құрастырылады. Дегенмен, Жеке желіде виртуалды машинаны құрған жағдайда, желі өрісіндегі IP-дің автоматты тағайындауын өшіріп, керекті желіде виртуалды машинаны құру үшін, жеке желіні таңдауға болады. Жеке желіге қосылған виртуалды машиналар локалды адрестер арқылы бір-бірімен байланыса алады. Жария IP-ді тіркеу туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қалқымалы IP бөлімін қараңыз.


Маршрутизатор

Маршрутизатор, маршруттау және NAT секілді, үшінші виртуалды деңгейлі қызметтерді ұсынады.

Маршрутизаторды тіркеу (құру)

  1. Терезенің сол жағындағы мәзірден Вируталды сервер тарауынан Маршрутизаторлар бөліміне өтіңіз.

  2. Тіркеу батырмасын басқан кезде, жаңа диалогтық терезе пайда болады.

  3. Пайда болған терезеде келесі өрістерді толтырыңыз:

    1. Атауы (міндетті түрде толтырылуы қажет)
    2. Сыртқы желі - сыртқы желіні баптауларын жасау үшін қосулы болуы керек
    3. Администратор күйі - маршрутизаторды администратор құқықтарымен қосу.
    4. Сипаттама - маршрутизатор сипаттамасы.
  4. Өрістерді толтырғаннан кейін, диалогтық терезенің төменгі оң жақ бұрышындағы Тіркеу батырмасын басыңыз.

Маршрутизаторды жою

  1. Терезенің сол жағындағы мәзірден Вируталды сервер тарауынан Маршрутизаторлар бөліміне өтіңіз.

  2. Маршрутизаторлар тізімінен, керекті маршрутизатор тұсындағы қоқыс себеті тетегін басыңыз.

  3. Пайда болған қалқымалы терезеде, әрекетті растағаннан кейін, маршрутизатор жойылады.

Маршрутизаторға интерфейсті қосу.

  1. Терезенің сол жағындағы мәзірден Вируталды сервер тарауынан Маршрутизаторлар бөліміне өтіңіз.
  2. Пайда болған кестеде, керекті маршрутизатордын атауына басыңыз.
  3. Интерфейс қаттамасына кіріңіз.
  4. Тіркеу батырмасын басқан кезде, жаңа диалог терезесі пайда болады.
  5. Ішкі желі өрісінде интерфейс ретінде қосылатын ішкі желіні таңдаңыз.
  6. Терезенің оң жақ төменгі бұрышындағы Тіркеу батырмасын басыңыз.