Порт конфигурациясы (Қауіпсіздік топтары)
Қауіпсіздік топтары
Қауіпсіздік тобы - бұл порт деңгейіндегі кіріс (виртуалды машинаға Кіріс) және шығыс (виртуалды машинадан Шығыс) желілік трафикті басқаруға арналған виртуалды брандмауэрлер жиынтығы. Виртуалды брандмауэр осы порттың трафигін ашу/жабу ережелерінен тұрады. Мысалы: сіз әлемдегі барлық хосттардан немесе белгілі бір IP мекенжайлары бар хосттардан 8080 порты арқылы виртуалды машинаға кіруге рұқсат беретін ереже құра аласыз.

Қауіпсіздік тобын құру
- Терезенің сол жағындағы мәзірде Виртуалды сервер бөлемінен Қауәпсіздік топтары тарауына өтіңіз.
- Тіркеу батырмасын басқан кезде жаңа диалог терезесі пайда болады.
- Атауы және Сипаттама өрістерін толтырып, Тіркеу батырмасын басыңыз.

Қауіпсіздік тобын жою
- Терезенің сол жағындағы мәзірде Виртуалды сервер бөлемінен Қауіпсіздік топтары тарауына өтіңіз.
- Кестеден керекті қауіпсіздік тобын таңдап, Әрекеттер батырма мәзірінен Жою тетігін басыңыз.
- Әрекетті растауға арналған диалог терезесінде, әрекетті растағаннан кейін, қауіпсіздік тобы жойылады.

Қауіпсіздік тобының ережелерін басқару
Әрбір ереже Порт, Сипаттама, Бағыт және CIDR – өрістерінен тұрады.
- Порт - қолданба порты. Жалғыз портқа қоса, порттар диапазонын немесе бірнеше порттарды қосуға болады.
- Сипаттама - Ереженің сипаттамасы.
- Бағыт - екі түрі болады:
- Кіріс - берілген портқа сырттан кіру рұқсатын ашуға арналған баптау.
- Шығыс - берілген порт арқылы шығыс ережесін ашуға арналған баптау.
- CIDR – ережеге қатысты IP адрестердің диапазоны.

SSH портын ашу
Терезенің сол жақ мәзірінен Виртуалды сервер тарауынан Қауіпсіздік ережелері бөлімінен, керекті қауіпсіздік ережесін таңдаңыз.
- Кіріс ережесін тағайындау батырмасын басыңыз.
- Ереже өрісінен SSH протоколын таңдаңыз.
- Сипаттама өрісін толтырыңыз.
- CIDR тізімін немесе IP адрестерін еңгізіңіз.
- Диалог терезесінің оң жақ төменгі бөлігіндегі Тіркеу батырмасын басыңыз.

Серверге қауіпсіздік тобын қосу.
- Терезенің сол жағындағы мәзірден Виртуалды сервер тарауындағы Виртуалды машиналар бөліміне өтіңіз.
- Керекті серверді таңдап, Әрекеттер батырма мәзірінен Қауіпсіздік тобын басқару тетігін басыңыз.
- Пайда болған диалог терезесінен, тиісті өрістен қауіпсіздік тобын таңдап, + тетігін басыңыз. Қауіпсіздік тобы сәтті қосылады.
