Skip to main content

Снапшоттар

Снапшоттар сервердегі өзгертулерді сақтауға арналған. Сонымен қатар, снапшоттарды сақтық көшірме ретінде пайдалануға болады. Бірақ снапшоттың сақтық көшірмеден айырмашылығы, снапшоттың көлемі сақтық көшірменің өлшемімен салыстырғанда кішірек және снапшотта тек қана дискке енгізілген өзгерістер ғана сақталады.

Снапшот әрекеттері

Снапшотты жасау

Нұсқаулар

Дисктен снапшотты жасау.


Снапшотты жою

  1. Терезенің сол жағындағы мәзірде Виртуалды сервер бөліміндегі Снапшоттар тарауында қажет снапшотты таңдап, Әрекеттер батырма мәзірінен Жою тетігін басыңыз.
  1. Жоюды растауға келесі қалқымалы терезе ашылады. Әрекетті растағаннан кейін, снапшоттың жойылуы сәтті жүзеге асырылады.

Снапшотты виртуалды машина ретінде іске қосу.

  1. Терезенің сол жағындағы мәзірде Виртуалды сервер бөліміндегі Снапшоттар тарауында қажет снапшотты таңдап, Әрекеттер батырма мәзірінен Виртуалды машинаны қосу тетігін басыңыз.

  2. Пайда болған диалог терезесінде келесі өрістерді толтырыңыз:

    • Вируталды машина атауы - жасалатын сервер атауы
    • Машина типі – сервердің типін таңдаңыз
    • Аутентификация - виртуалды машинаға қосылу әдісін таңдаңыз
    • Диск көлемі – виртуалды дисктің көлемін көрсетіңіз
  3. Диалогтық терезенің төменгі оң жақ бұрышындағы Тіркеу батырмасын басыңыз

АҚПАРАТ

Жаңадан пайда болған серверді сол жақ мәзірдегі Виртуалды сервер бөліміндегі Виртуалды машиналар тарауынан көре аласыз.

Снапшот үшін ақы алынады ма?

Пайдаланушылар қолмен жасалған снапшот үшін ақы төлемейді, бірақ автоматты түрде жасалған снапшотқа әрбір сақтау күні үшін ақы алынады.