Төлем
Төлем жайлы ақпарат
- Сіздің төлемдер жайлы ақпарат сол жақ негізгі мәзірдегі Жеке кабинет бөлімінің "Төлем" тарауында орналасқан.
- "Төлем ақпараты" өрісінде сіз қазір пайдаланып жатқан сервердің құны көрсетіледі.
- "Ваучер" өрісінде сіз жеңілдік кодын енгізе аласыз.
- "Қолданылу тарихы" өрісінде сіз бөлім, виртуалды машинасы, IP адресі, атауы, өлшемі, басталу күні және аяқталу күні секілді қолданыс туралы толық ақпаратты көре аласыз.
- "Есепшот" өрісінде сіз төлеуге тиісті есепшоттар жайлы апаратты көре аласыз.
- "Төлемдер тарихы" өрісінде жасалған төлемдер жайлы жиынтық ақпартты көре аласыз.
Төлем жасау
- Есепшотты төлеу үшін, Есепшот жолағынан Төлеу батырмасын басыңыз.
- Есепшотты жүктеу батырмасын басқан сәтте, сіздің есепшот .pdf форматында көрсетіліп, сізге есепшотты жүктеу мүмкіндігі берілетін болады.
- Төлеу батырмасын басқан кезде, төлем жасау нұсқалары көрсетіледі. Нұсқалардың біреуін таңдап, төлем жасай аласыз.
Төлем туралы ескерту
Төлем туралы ескерту батырмасын басыңыз, сонда Хабарлама бөлімі пайда болады, онда сіз өзіңіздің толық атыңызбен бірге төлеуіңіз керек максималды соманы енгізіп, Жасау батырмасын басуыңызға болады. Егер сіздің пайдалануыңыз сіз енгізген сомадан асып кетсе, сіздің электрондық поштаңызға еске салғыш электрондық пошта жіберіледі.
Ваучер
Белсендірілген Ваучер кодтары туралы мәліметті көру үшін, Ваучер өрісіндегі Тізім батырмасын басыңыз.
Төлемдер қалай есептеледі?
Пайдаланушы ретінде ttc.kz жүйесіне кіріп, төлем жүйесіне кіру үшін жоғарғы оң жақ бұрыштағы Калькулятор белгішесін (https://ttc.kz/pricing/) басыңыз. Сіз пайдаланғыңыз келетін ресурстарды енгізіп, ай сайынғы төлем қанша болатынын есептей аласыз. ttc.kz Түсуіне қарай төлем моделі бойынша жұмыс істейді. Басқаша айтқанда, виртуалды сервер өшірілген кезде сізден ақы алынбайды. Осылайша, алдын-ала жоғары шығындар немесе келісімшарттар сияқты көп уақыт пен ақша қажет емес.
Төлем мәліметтері
Өнім | түрі | өлшемі | Ай сайынғы төлем (₸) |
---|---|---|---|
Виртуалды сервер | vCPU | 1 | 2,240 |
vRAM | 1 GB | 2,352 | |
Виртуалды дискті | 1 GB (HDD) | 40 | |
1 GB (SSD) | 157 | ||
Снапшот | 1 GB (HDD) | 40 | |
1 GB (SSD) | 157 | ||
Сақтық көшірмелер | 1 GB (HDD) | 40 | |
1 GB (SSD) | 157 | ||
Public IP | 1 | 1,008 | |
*2 немесе одан да көп | 1,120 | ||
Объектілерді сақтау қоры | 1 GB | 40 | |
Simplehost | Host1 | 1 vCPU 1 vRAM | 5,280.8 |
Host2 | 1 vCPU 2 vRAM | 7,985.6 | |
Host3 | 2 vCPU 4 vRAM | 15,971.2 | |
App Platform | Platform1 | 1 vCPU 1 vRAM | 5,280 |
Platform2 | 1 vCPU 2 vRAM | 7,980 | |
Platform3 | 2 vCPU 4 vRAM | 15,971.2 | |
Kubernetes | **28,000 |
- vRam және vCPU үшін есепшот виртуалды машинасы сөндірілген жағдайда емес, жұмыс істеген сағаттар негізінде есептеледі.
- Снапшот және Диск үшін ай сайынғы төлем пайдаланылған сома негізінде есептеледі.
- *2 немесе одан да көп - Бір серверге 2 немесе одан да көп жалпыға ортақ IP мекенжайлары қосылған жағдайда, бірінші мекенжай 1,008₸ болады, ал 2 немесе одан да көп мекенжайлардың әрқайсысы үшін 1,120₸ ақы алынады.