Skip to main content

Бекітілген адрес (қалқымалы IP)

Қалқымалы IP

Қалқымалы IP адрес жеке желіде тіркелген виртуалды машинада қолданылатын жария IP адресті резервтеуге мүмкіндік береді. Бұл іс-әрекет IP адрестерді бөлу үшін және басқа серверге қосыла алу үшін арналған.

Қалқымалы IP адрес үшін ақы ай сайын алынады.

Қалқымалы IP адресін тіркеу(құру)

  1. Терезенің сол жағындағы мәзірден Вируталды сервер тарауынан Қалқымалы IP бөліміне өтіңіз.
  2. Тіркеу батырмасын басқан сәтте, жаңа диалог терезесі пайда болады.
  3. Сипаттама өрісін толтырыңыз.
  4. Оң жақ төменгі бұрыштағы Тіркеу батырмасын басыңыз.

Қалқымалы IP адресті ажырату

  1. Терезенің сол жағындағы мәзірден Вируталды сервер тарауынан Қалқымалы IP бөліміне өтіңіз.

  2. Пайда болған тізімнен қажетті IP адрес тұсындағы Ажырату батырмасын басыңыз.

Қалқымалы IP адресті виртуалды машинаға бекіту.

Қалқымалы IP адресті виртуалды машинаға бекітудің екі жолы бар:

Кеңес
  • 1-әдіс: Виртуалды машинаға қалқымалы IP адресті қосыңыз.
  • 2-әдіс: Мәзірдің Қалқымалы IP тарауы арқылы қосу.
  1. Терезенің сол жағындағы мәзірден Виртуалды сервер тарауынан Қалқымалы IP бөліміне өтіңіз.
  2. Қажетті адрес тұсындағы Бекіту батырмасын басыңыз.
  3. Пайда болған диалог терезесінің тиісті өрісінде порттан қосылу керек виртуалды машинаның IP адресін таңдаңыз.
  4. Терезенің оң жақ төменгі бұрышындағы Тіркеу батырмасын басыңыз.